KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Түркиядағы додада жерлестеріміз тағы екі жүлдеге ие болды

19.10.2018, 11:50 109


Түркияның Анталия қаласында қол күресі және пара қол күресінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында тағы бір жерлесіміз тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. 


Осыған дейін жарыс жолына шыққан төрт бірдей жерлесіміз Әлем чемпионы атағына қол жеткізген болатын. Кеше олардың жолын мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы сайыста сынға түскен Данияр Тайменов (70 келіге дейінгі салмақ) жалғады.


Былтыр Таразда өткен ашық Азия кубогінде қарсылас шыдатпаған облыстық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық клубының тәрбиеленушісі 2015 жылы Польшадағы және 2016 жылы Болгариядағы Әлем біріншіліктерінде де топ жарған-ды.


Тағы бір жерлесіміз, 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ұлан ауданының тумасы Владислав Губушкин күміс жүлде иегері атанды.


Асхат Әліпов жаттықтыратын спортшы Ұлан ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің түлегі екенін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив