KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

ШҚО-дағы сақ қорғандарын алтын өндіруші компания күреп тастауы мүмкін

24.10.2018, 11:54 73



Егер билік араласпаса, ШҚО-дағы Жарма ауданының Шалабай ауылдық округінің аумағында орналасқан сақ қорғандарын жер пайдаланушылар сүріп тастауы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл өзекті мәселені облыстық мәслихаттың депутаты Қуаныш Сүлейменов көтеріп отыр.


Оның айтуынша, қазір жер қойнауын пайдаланушылар мен жерді пайдаланушылар арасында үлкен дау туындап, тіпті тараптар соттасып жатқан жайы бар.


– Дауға басты себеп, біздің заманымызға дейінгі 7-8 ғасырларға тиесілі археологиялық ескерткіштер болып отыр. Ол жерде ұзын саны 24 сақ дәуірінің қорғаны бар. Егер билік өкілдері дер уақытында араласып, тоқтау салмаса, жер қойнауын пайдаланушылар, яғни алтын өндірушілер алдағы уақытта оларды сүріп тастауы әбден мүмкін. Ондай болса, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен мол тарихи мұрамыздан бір-ақ күнде айырыламыз. Сондықтан, екі жаққа да бейтарап адам әрі депутат ретінде облыс басшылығына, облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасына жер қатынастары басқармасына, Жарма ауданы әкімдігіне, өзге де құзырлы орындарға осы жайды жеткізіп, қорғандардың сол қалпында сақталуына әрекет жасауларын сұраймын. Қажет болса, қорғалатын аймақ ретінде сақтап қалу үшін қаржы да қарастыру керек, - дейді Қуаныш Серікқазыұлы.


Халық қалаулысының айтуынша, бұл қорымдарды кезінде елімізге белгілі археолог, профессор Әбдеш Төлеубаев ашқан екен. Қазіргі уақытта қорымдарды толығырақ зерттеу үшін қажетті құжаттары реттелуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу