KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Өскеменде су тасқынына қарсы оқу-жаттығу өтті



9.02.2024, 15:01 223 0 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған оқу- жаттығу пысықталды.


Екі күнге созылған жаттығу Республикалық « Көктем – 2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Согра кентінде өткен оқу-жаттығудың басты мақсаты - көктемгі су тасқыны бола қалса, аумақтағы тұрғындарды жылдам эвакуациялау жолдарын пысықтау. Бірнеше кезеңге бөлінген тактикалық арнайы оқу-жаттығуға 29 техника мен 177 адам жұмылдырылған. 

-    Екі күндік республикалық командалық-командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіп жатырмыз. Өзендерді, арықтарды тазалау, мұзды кесу сияқты жұмыстар пысықталды. Бұл тек Өскеменде ғана емес ШҚО-ның барлық аймағында өткізілуде. Қала мен аудандарды қосқанда 621 жеке құрам, 700-ден астам техника жұмылдырылған, - дейді ШҚО ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Қуатбек Кенжебекұлы.

Айта кетелік, қазір облыста аймақ басшысының тапсырмасымен су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілген. Осыған байланысты құтқарушылар екі мыңнан астам адамнан тұратын азаматтық қорғау жүйесінің күштері және құралдармен толықтырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив