KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Наурыз айында ҰБТ өтеді. Өтініш беруге санаулы уақыт қалды

13.02.2019, 11:03 283

Мектеп бітірушілер 15 ақпанға дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш беріп үлгеру керек. Тестілеу 24 наурыздан 29 наурызға дейінгі аралықта өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетсек, бұл тестілеуде жақсы нәтиже көрсеткен түлектер мектепті бітіргеннен кейін ЖОО-ға бірден құжат тапсыра алады. Яғни, жазда өтетін ҰБТ-ны тапсырмайды.


Ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру процедурасы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Енді ұлттық бірыңғай тестілеу жылына төрт рет өтетін болды: қаңтар, наурыз, маусым-шілде және тамыз айларында.


Аталмыш тестілеу ақылы түрде өтетінін айта кеткен жөн. Оның бағасы – 2242 теңге. Өтініштерді Өскемендегі екі пунктте қабылдайды: 746 – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 747 – Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ.


Қажет құжаттар: екі фотосурет (3х4), жеке куәлігінің көшірмесі, мектептен анықтама (2 дана), төлем квитанциясы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив