KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Күршімде 19-қаңтарда ҰБТ өтеді

15.01.2019, 09:01 214

2019 жылы елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу төрт рет — қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Аудан орталығындағы Күршім гимназиясы базасында сенбі күні, 19-қаңтарда, өтетін тестілеу ақылы негізде өтеді, құны — 2242 теңге, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін тестілеуге қатысу арқылы мектеп түлегі жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне құжат тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Қаңтарда шекті балды жинаған тестке қатысушы ҰБТ сертификатымен ЖОО-ға коммерциялық негізде оқуға түседі. Сонымен қатар, ҰБТ-ны қаңтарда тапсырғандар негізгі ҰБТ-ны маусым айында тегін тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатыса алады,-дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Ернар Жайлмысов.


- Қаңтар айындағы тестілеуге қатысу үшін 67 оқушыдан өтініш түсті. Олар - №1 Марқакөл, №2 Теректі, Құйған, Сарыөлең, Қаратоғай және №1,№4 Күршім орта мектептері мен Күршім гимназиясының оқушылары. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және екі бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді,-деп ата-аналар мен мектеп түлектері үшін сын сағат жөніндегі ақпаратпен бөліскен Ернар Маратұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив