ШҚО оқушылары чип орнатылған киім киеді
Шығыс Қазақстандық оқушылар чип орнатылған киім киеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, биыл цифрландыруға көп көңіл бөлінеді. 30 миллиард теңге бөлінген жобалардың қатарына білім беру мен денсаулық және өзге де түрлі салалар кіреді.
– Мысалы, біз балаларымыздың Қытайдағы сияқты киімінде чип болғанын қалаймыз, – дейді Ахметов.
Әкім мырзаның айтуынша, осылайша ата-ана балаларының қайда жүргенін біле алады.
ШҚО басшысы чиптерді сатып алу шығынын мемлекет мойнына алатынын атап өтті. Ал жобаны енгізуге Kundelik электрон жүйесі негіз болады.
Оқи отырыңыз