KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Қазақстан-АҚШ әуе қатынасы келісіміне наурызда қол қойылады

5.02.2019, 09:17 301

Елімізде АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейстері ашылатыны туралы тілшіміз жазған болатын. Токио тарапымен келіссөз сәтті өтті. Ал Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге наурыз айында қол қойылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.


– Ағымдағы жылы министрлік «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп Токио, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалаларына әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады. Қазіргі уақытта Токио бойынша жапон тарапымен келісімге қол қойылды. Енді министрлік «Ашық аспан» жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге наурыз айына қол қоюды жоспарлап отыр, – деді Ж.Қасымбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив