KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

«Алтай» волейбол клубына жапондық бапкерлер келе жатыр

31.10.2018, 11:08 182


Өскемендік «Алтай» волейбол клубы жапониялық Чиба волейбол академиясымен әріптестік байланыс орнатты. Бұл туралы клубтың спорттық директоры Досжан Уалханов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Осыдан біраз бұрын біз «Алтай-3» командасының ойыншыларымен және бапкерлер құрамымен бірге Жапонияға сапарлап қайтқан едік. Ондағы мақсатымыз Токионың іргесіндегі Чиба қаласына барып, ол жердегі волейбол академиясының және Киоби волейбол мектебінің жұмысымен танысу болатын. Сапарымыз ойдағыдай өтті. Жапондық әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, байланыс орнату жөнінде келісімге келдік, – деген Досжан Уалханов енді Шығыс Қазақстанға жапондық бапкерлер келіп, шәкірт дайындау жұмыстарына қатысатынын мәлімдеді.


Айта кетейік, Жапонияға сапары барысында «Алтай-3» командасының жас волейболшылары Токио қаласының ашық біріншілігіне қатысып, шеберліктерін шыңдап қайтқан болатын. аталмыш жарысқа жерлестерімізден бөлек, 70-ке жуық команда қатысыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив