KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Алдағы сенбі-жексенбіде ауа райы қандай болады?

11.01.2019, 09:32 91

Синоптиктер 12-13 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мамандар сөзіне сенсек, күн райы әлі де болса құбылмалы.


– Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде алдағы тәуліктерде оңтүстік циклонның әсерінен арагідік қар жауып, бұрқасын соғады, батыс бағыттан қатты жел тұрады. Оңтүстікте және шығыста тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлады «Қазгидромет».


Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда температураның жоғарылауымен бірге қар жауып, кей жерлерде бұрқасын және қатты екпінді жел соғады.


Еске салайық, «Қазгидромет» мамандары 2019 жылғы қаңтар айы жылы әрі жауын-шашынды болады деп болжаған. Үшінші онкүндіктің басында ғана ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу