KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 3 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

"Жылдың үздік кәсіпкері" іс-шарасы өтті – ШҚО

24.05.2022, 10:00 118

Облыс әкімдігінде «Жылдың үздік кәсіпкері» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов шағын және орта бизнес өкілдеріне әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріндегі белсенді жұмысы үшін ерекше алғыс білдірді.

«Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында отандық бизнес өкілдерімен өткен кездесуде кәсіпкерлерге жаңа Қазақстанның негізіне айналатын ұлттық экономиканың жаңа моделіне енуге көмектесетін нақты қадамдарды белгіледі. Билік пен бизнес бір-біріне сенімді серіктес болуы керек. ШҚО бизнесмендері әрдайым денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды белсенді қолдап, тікелей атаулы көмек көрсететіні қуантады – деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, дәл осындай кәсіпкерлер «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» нені білдіретінін көрсетеді.

– «Жылдың үздік кәсіпкері» атағына ие болғандарды құттықтаймын және жауапты істері одан әрі өркендеуін тілеймін! – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив