KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

15 млн доллар. Ең қымбат автокөлік нөмірі сатылды

сурет ашық дереккөзден алынды

10.04.2023, 18:08 906 Оразай Жеңісұлы

Дубайдағы аукционда ең қымбат автокөлік нөмірі сатылды. Бір әріп пен бір саннан ғана тұратын темір тұлпар «таңбасы» 15 миллион долларға бағаланды.

Осылайша, жаңа рекорд орнатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы, Таяу Шығыста мұндай аукциондар ұдайы ұйымдастырылады. Кей-кейде көлік нөмірінің бағасы әлемдегі ең керемет суперкарлардың құнынан асып түсіп жатады. Ал бұл жолы аукциондағы көпшіліктің көзайымына айналған нөмір «Р7» болды.  Бұған Вконтакте және Telegram негізін қалаушы Павел Дуров қол жеткізуге тырысып көрген. Ол, шамамен, 10 млн доллар ұсынды. Бұл сома бір жыл бұрын «АА8» деген ерекше нөмірді сатып алуға жеткілікті болар еді. Ал «Р7» әлдеқайда жоғары бағаланды. Аукциондағы «атымтай-жомарттардың» бірі 15 млн долларға жуық қаражат ұсынып, ерекше нөмірді еншілеп кетті.

Бұл жаңа рекорд. Бұған дейін тарихтағы ең қымбат автокөлік нөмірі 2008 жылы Абу-Дабиде 14,2 миллион долларға сатылған. «1» саны ғана белгіленген нөмір өзінен бірнеше есе арзан Bugatti Veyron маркалы көлікке тағылды. Айталық, Bugatti Veyron 16.4 Grand Sport Vitesse le ciel Californien нұсқасы 2012 жылы шыға қалған кезде 2,2 миллион долларға сатылып жатты.

Биылғы іс-шарадағы екінші бағалы нөмір – «22». Бұған 2,5 миллион доллар берілді.

Most Noble numbers (ең асыл нөмірлер) деп аталатын бұл аукционда тек сирек кездесетін автокөлік нөмірлері сатылды, ал түскен ақша әлемдегі аштықпен күресуге жұмсалатынын айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу