Иран ыстыққа байланысты 2 күн демалыс жариялады
Фото: egemen.kz
Ирандық IRNA агенттігінің дерегінше, Иран бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа байланысты осы аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндерін демалыс деп жариялап, қарттар мен денсаулығында ақауы бар адамдарды үйден шықпауға шақырды.
Бұл хабарландыру Иранның денсаулық сақтау министрі Бахрам Эйноллахи қазіргі жылу толқынының адам өміріне әсері туралы ескерткеннен кейін жасалды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Демалыс күндері туралы хабарландыру Иранның денсаулық сақтау министрі Бахрам Эйноллахи қазіргі жылу толқынының адамдардың күнделікті өміріне әсері туралы ескерткеннен кейін жасалды.
Иран денсаулық сақтау министрінің орынбасары Саид Карими елдің түкпір-түкпіріндегі барлық медициналық орталықтар аптап ыстықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Иранның оңтүстігіндегі көптеген қалалар температураның жоғарылауынан зардап шекті.
Мемлекеттік БАҚ осы аптада Ахваз қаласында ауа температурасы 51 градустан асқанын хабарлады.
Соңғы апталарда аптап ыстық толқыны жер шарының көп бөлігіне әсер етті. Ғалымдар температураның көтерілуін климаттың антропогендік өзгеруімен байланыстырады.
Climate Central-дың сәрсенбі күні жариялаған есебіне сәйкес, шілдеде 6,5 млрд астам адам немесе жер шары халқының 81% климаттың өзгеруіне байланысты ыстық толқындарға ұшыраған.