Өскемендік дәрігерлер ерекше челлендж бастады
Өскемендік ақ халаттылар «Үйде бала бар! Терезені жабыңыз!» атты челлендж бастады.
Жыл сайын жазғы кезеңнің басталуымен балалардың терезеден құлап кету оқиғалары да көбейеді. Ашық терезе балалар үшін өте қауіпті. №1 қалалық емхана қызметкерлері ата-аналарды бала отырған бөлменің терезесін жауып, баланы қараусыз қалдырмауға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Акцияға облыстың кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін суретке түсіп, «Үйде бала бар! Терезені жабыңыз!» хештегін көрсету керек. Содан кейін фотосуретті әлеуметтік желілерде хэштегпен жариялап, бөлісу керек.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері облыс орталығында тағы 2 бүлдіршін терезеден құлап, біреуі оқиға орнында көз жұмды.