KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Қазақша қойылымдарды орыс тілді көрермендер де тамашалай алады – ШҚО

Фото: sevent.kz

10.10.2023, 17:04 217

Енді Шығыс Қазақстан облыстық драма театрындағы қойылымдар ілеспе аударма арқылы аударылады. 8 қазан күні Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» шығармасының желісіне құрылған қойылымды көрермендер тұңғыш рет ілеспе аудармасын тыңдай отырып тамашалады.

Енді қазақ тілінде қойылатын қойылымдарды көрермендер орыс тілінде де көре алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Ілеспе аударма қосу идеясын негізінде орыс тілді көрермендер «ұсынды». Олар тіл білмегендіктен қазақ әдебиетінің жарқын үлгілерін оқи алмайтын. Одан өзге, театр заман ағымына қарай дамып, қоғамның сұранысының үдесінен шығуы керек, – дейді театрдың орыс труппасының әдеби бөлімінің меңгерушісі Дарья Волкоедова.

Театр ілеспе аударма үшін 200 адамға шақталған жиынтық сатып алған. Жиынтық қабылдағыш пен құлаққаптан тұрады.

– Құрылғы сатып алу үшін облыс бюджетінен 15 млн теңге бөлді. Конкурста ұтқан компания құрылғыны реттеп, қажетті күйге келтіріп берді. Ол – Алматыда орналасқан «Диджест» ЖШС, – дейді театрдың өкілі. – Театрдағы ілеспе аударма қосылған алғашқы қойылым Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» шығармасының желісіне құрылған драма болды. Шығарма кездейсоқ таңдалған жоқ. Биыл облыста сөз зергері әрі танымал жерлесіміз Оралхан Бөкейдің мерейтойы аталып өтті. Енді орыс тілді көрермендер де жазушының туындыларына бойлап, мәнін түсіне алады. Қойылымды қазақ тілінен орыс тіліне актриса Аяулым Болатқазиева аударады. Ол Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Сөз сөйлеу жанрының әртісі» мамандығын оқыған.

Дерекке сүйенсек, орыс тілінде сахналанатын қойылымдарға қазақша ілеспе аударма қосу мәселесі әлі қаралады.

– Орыс тілінде сахналанатын қойылымдарды аудару мәселесі көрермендер сұранысын біліп, бақылағаннан кейін шешіледі, – дейді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив