Өскемен: «Халық қатысатын бюджетке» өтінім қабылдау қашан басталады?
19 қаңтардан бастап Өскемен қаласы әкімдігінің сайтында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады.
Қала тұрғындарынан 2025 жылға арналған жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін жалғаспақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
"Халыққа қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында төмендегі жұмыстар атқарылады:
- аумақты көгалдандыру;
- тротуарлар салу;
- тротуарларды, пандустарды жөндеу;
- жалпыға ортақ орындарда (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймағы, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
- бордюрлерді, төсеніштерді жөндеу;
- балалар ойындарына және жалпы пайдаланылатын орындарда демалуға арналған беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және жалпы орындарда спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
Айта кету керек, аталған жұмыстарға жол жөндеу, шұңқырларды жамау жұмыстары кірмейді.
Оқи отырыңыз
“Халық қатысатын бюджет” бағдарламасына өтінім қабылданып жатыр - ӨскеменӨскемен: «Халық қатысатын бюджетке» өтінім қабылдау басталдыӨскеменде «Үздік абаттандыру ауласы» байқауына өтінім қабылдау басталдыҰлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориал жөнделді - ӨскеменӨскемен: «Халық қатысатын бюджетке» 840 млн теңге бөлінеді