Жол жөндеу барысында кемшіліктер жіберілген – Өскемен
Фото: depositphotos.com
Антикоррупциялық қызметтің жұмыс тобы мен ШҚО Жол активтері ұлттық орталығы филиалының өкілдері Абай даңғылындағы жол учаскесін тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тексеру барысында «Дина» базарынан Интернациональная көшесіне дейінгі жол бөлігіндегі асфальтобетонды жабыннан сынама алынды.
– Зертханалық сынақтар алынған үлгілердің суға қанықтылық және қалдық кеуектілік көрсеткіштері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сай еместігін көрсетті. Қазіргі уақытта тапсырыс беруші мен мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді жою туралы хат жіберілді, – деп мәлімдейді ШҚО Антикоррупциялық қызметі.
Жол саласындағы коррупциялық тәуекелдер талдауы жалғасатын болады.
Оқи отырыңыз