Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: egemen.kz
Қазгидромет синоптиктері 18-20 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.
18-19 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.
Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.