KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

9-10 шілде күндері ауа райы қандай болады?

Фото: news.liga.net

9.07.2023, 11:47 264 Оразай Жеңісұлы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9-10 шілде күндері ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

8-9 шілдеде шығыста, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Ал Қазақстанның қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін.

"9-10 шілдеде батыста, солтүстік-батыста, Қазақстанның орталығында 43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу