Қазақстандықтардың өмір сүру сапасына қаншалықты көңілі толады?
Фото: egemen.kz
2023 жылдың наурыз айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 41,8% өз өміріне қанағаттанады, бұл ретте олардың үлесі ауылдық жерлерде – 46,5% (қалада – 39,6%).
Ұлттық статбюроның дерегінше, өз өміріне қанағаттанатын ер адамдардың үлесі – 45,4%, әйелдер – 39,5%, деп хабарлайды Аltaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
2022 жылғы осы тектес зерттеумен салыстырғанда респонденттердің өміріне қанағаттану деңгейі 0,5 п. т. өсті (2022 жылы – 41,3%).
Ал 2021 жылға қарағанда 19,5 п. т. төмен (2021 жылы – 61,3%).
- денсаулығына қанағаттанғандар – 47,6%;
- ішінара қанағаттанғандар – 49,3%;
- жедел жәрдем қызметінің сапасына қанағаттанғандар – 56,1%;
- қаржылық жағдайына қанағаттанғандар – 34%;
Материалдық қамтамасыз ету деңгейі (дәулеті) бойынша өздерін келесі топқа жатқызатындар:
- орташа деңгейге – 72,2%;
- төмен деңгейге – 0,3%;
- жоғары деңгейге – 1%.
Үй шаруашылықтарының дәулеті жағынан төмен не орташа деңгейден төмен болуының негізгі себептері: төмен еңбекақы – 92,7% және төмен зейнетақы – 1,4%.
Жұмыс істейтін халықтың жұмыспен қамтылу мәртебесіне байланысты: 94,4% – негізгі себеп төмен жалақы деп атап өтті, ал жұмыссыздардың негізгі себебі, тиісінше, жұмыстың болмауы – 78,5%.