Қазақстанда 450-ден астам ауған студенті оқып жатыр
Фото: egemen.kz
Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөлуге дайын.
Бұл туралы Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Қазақстан ауған студенттерін оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға дайын. Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөледі, – деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, Қазақстанда 450-ден астам ауған студенті оқып жатыр.
– Қазақстан ауған халқына материалдық және гуманитарлық қолдау көрсете отырып, Ауғанстан үшін гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса бермек, – деді министр.
Оқи отырыңыз