KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Депутаттар құрамы айтарлықтай өзгерді – Президент

Фото: egemen.kz

1.09.2023, 11:12 101

Мемлекет басшысы Жолдауда депутаттар қызметі туралы баса айтты.        

Депутаттар небәрі екі айда 1200-ден астам елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесті, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Altaynews Ақордаға сілтеме жасап.

– Көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейді. Депутаттар құрамы айтарлықтай өзгерді. Саяси партиялардың фракциялары, бірмандатты округтен сайланған депутаттар да жұмысқа белсене кірісті. Олар көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтере бастады. Депутаттарымыз жазда да көп жұмыс атқарды.
Небәрі екі айда 1200-ден астам елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесті, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Мен баршаңызға табысты қызметтеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа сессияда жұмыс қарқыны бұдан да жоғары болады деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы Жолдауында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив