Смайылов ЕАЭО елдеріне ортақ цифрлық платформа құруды ұсынды
Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан Digital Almaty: Industry X форумында ЕАЭО елдеріне алдағы уақытта инновациялық идеяларды алмасып отыру үшін ортақ цифрлық платформа құру қажеттілігін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz сілтеме жасап.
Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстан жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді бірлесіп жүргізуге және осы мақсатта деректерді талдау үшін ортақ инфрақұрылым құруға дайын.
- Біз өз кезегімізде тәжірибе және жобаларымызбен алмасуға дайынбыз. Осы орайда технологиялық шешімдер, патенттер және инновациялық идеялармен алмасуға бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынамыз, – деді Үкімет басшысы.
Оқи отырыңыз
2024 жылдың ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялануын құптаймыз — СмайыловКітапханалар бірыңғай цифрлық платформаға қосыладыӘлеуметтік кодекс аясында бірқатар жаңа ереже қарастырылғанТұтынушы құқығын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізбекІшінде Өскемен де бар: Премьер-Министр әкімдіктерге ескерту жасады