Батырлар өнегесі мен жастарға патриоттық тәрбие
Өскемен қаласының № 46 орта мектебі мен 99230 әскери бөлімі арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында әскери бөлім өкілдері 10-11 сынып оқушыларына ерлік сабағын өткізді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ерлік сабағы Ұлы Отан соғысының батыры, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен алғашқы жауынгер Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды.
Әскери қызметшілер оқушыларға Рахымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы баяндап, 1945 жылы сәуірде Рахымжан өз өмірін қатерге тігіп, Рейхстагты басып алу үшін жүргізген күресін қамтитын оқиғаларға ерекше назар аударды.
Мектеп пен әскери бөлім арасындағы бірлескен іс-шаралар жастарға әскерилердің Отанды қорғаудағы рөлін тереңірек түсінуге негіз болады.