Риддер әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды
Дархан Қосантаев Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дархан Дәуренбекұлы 1991 жылы 4 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Құқық» мамандығы бойынша білім алған.
2014 жылы «Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы лауазымын атқарды. Бір жылдан кейін аталмыш кенттің инфрақұрылым бөлімін басқарды.
2017 жылы «Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп және есептілік, коммуналдық меншікті басқару және мониторинг секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2020 жылы «Шемонаиха ауданының қаржы бөлімі» ММ басқарды.
Екі жыл бұрын «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару бөлімінің басшылығына ауысып, кейін Риддер қаласы әкімінің орынбасары болды.