KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Алдағы күндері шығыста бұршақ жаууы ықтимал

Фото: egemen.kz

2.08.2023, 19:30 260

«Қазгидромет» РМК дерегінше, 3-5 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауын жауады.

Синоптиктердің болжамынша, таяу күндері Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің басым бөлігі бұрынғыша атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады, найзағай ойнап, нөсер жауын жауады. Республиканың солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, жел соғады және бұршақ жаууы ықтимал.

Елдің батыс өңірлерінде қысым жоғары болып, күн ашық болады. Температура да айтарлықтай өзгермейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу