Полиция қызметкерлері суретке түсіріп жарысады - ШҚО
Фото: pexels.com
ШҚО Полиция департаменті Отбасы күні қарсаңында «Менің отбасым – ең үздік» облыстық фотобайқауын өткізеді.
Байқау тек полиция қызметкерлерінің арасында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқауға қабылданатын суреттер қызықты болуы керек. Әр отбасыдан бір ғана сурет қабылданады. Шарт бойынша фотосуретті Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаға жүктеп, @eastkazpolice парақшасын белгілеп, #Отбасылықфото #ШҚОПД2023фотоконкурсы #Меніңотбасымеңүздік хэштегін қою қажет. Парақша байқау аяқталғанға дейін ашық болуы тиіс.
Ең көп лайк жинаған фотосуреттің иесі жеңімпаз атанады. Суреттер 14 қыркүйекке дейін қабылданады.
Жеңімпаздар 15 қыркүйек күні ШҚО ПД-да өтетін мерекелік іс-шарада анықталып, марапатталады.