KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Туристер көп барған аймақтар: ШҚО үштікке кірмей қалды

Фото: egemen.kz

12.10.2023, 15:44 277

Ұлттық статистика бюросы биылғы қаңтар, шілде айларында туристер арасында іріктеме зерттеу жүргізді. Оған 22,4 мың шетелдік қатысты, оның 16,9 мыңы – Қазақстанға жеке мақсатпен келгендер, қалған 5,4 мыңы – іс-сапарға келген.

Сапарлаған өңірлер бойынша тізім басында Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы тұр, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Туристердің 31% курорттық аймақтарға барға, оның ішінде туристердің негізгі үлесі Алматы тау кластерін таңдаған – 57,7%, тағы 14,7% Маңғыстау өңіріне барған. Келушілер негізінен пойызбен (31,5%), ұшақпен (30,4%) және халықаралық автобуспен (22,8%) саяхаттап, туыстарына немесе таныстарына тоқтаған (52,3%), сондай-ақ, қонақүйлерге (24,9%), жалдамалы пәтерлер мен үйлерге (18,4%) және басқа орналастыру орындарына (4,4%) орналасқан.

Туристердің орташа алғандағы саяхат ұзақтығы – 4 күн, – деп жазды статистика бюросынан.

Келушілердің жалпы шығыны 3,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жеке мақсаттар бойынша 2,4 млрд теңге, іскерлік мақсатта 1,1 млрд теңге жұмсалған.

Келушілер шығыстарының негізгі үлесі халықаралық және Қазақстан ішіндегі жол шығыны (53,8%) мен тамақтану (15,3%) болды. Шығындардың аз бөлігі орналастыру орындарында тұруға – 13%, тауарларды сатып алуға – 13,7% тиесілі.

– Зерттеуге 66 елден келген туристер қатысты, келушілердің ең көп үлесі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен болды, - деп жазылған жазбада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив