Оқушылар арасында полиция қызметкерлері туралы материалдар байқауы жарияланды — ШҚО
Фото: egemen.kz
ШҚО Полиция департаменті балалар арасында «Менің полициям» байқауы өтетінін жариялады. Байқауға облыстағы кез келген бала қатыса алады.
9-15 жас аралығындағы балалар «Үздік эссе», «Үздік TikTok», «Үздік бейнеролик/vine» номинацияларының аясындағы материалдарын жібере алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқауға «Менің әкем – полицей», «Полиция — қауіпсіздік пен тәртіптің тірегі», «Бейбіт күннің батырлары», «Есірткіге жол жоқ!», «Мектептегі қауіпсіздік», «Бала – басты жолаушы» тақырыбындағы жеке жұмыстар қабылданады (әр номинация бойынша 1 қатысушыдан – 1 жұмыс).
Эссе байқауына жіберілетін жұмыстарға қойылатын шарт қатаң сақталуы тиіс. Жазба жұмысының электронды түрі қабылданады. Эссе А4 форматында, Times New Roman 14 қарпімен, 1 жоларалық интервалмен жазылуы тиіс. Сыртқы мұқабасында оқушының аты-жөні, ауданы (қаласы), мектебі, сыныбы, жетекшісінің аты-жөні толық көрсетілуі керек. Ғаламтордан көшірілген шығармалар қабылданбайды.
Қатысушылар материалды биыл 25 қарашаға дейін aisulu.ashimkhan@mail.ru электрондық поштасына немесе 8 705 127 47 00 WhatsApp нөміріне жіберуі тиіс.
Көрсетілген мерзімнен кеш жолдаған жұмыстар қабылданбайды. Материал ерекше, тақырып терең ашылған, мәнін толық аша алған, тың идеяға құрылған, көркемдік жағынан шебер жазылған болу тиіс.
Конкурстың жеңімпаздары I, II немесе III дәрежелі дипломмен марапатталады. Ал қазылар алқасы үздік деп тапқан туындылар полиция департаментінің Instagram желісіндегі @eastkazpolice ресми парақшасында жарияланады.