KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Антикор төрт нысанды бақылауға алды - ШҚО

Фото: gov.kz

26.12.2023, 20:05 128

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдер мен құқық бұзушылықтардың азайту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы әзірленді. Картаға экология, бизнес, көмір тапшылығы, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау,  ұзаққа созылған құрылыс нысандары және қымбат металдар айналымының заңсыз құрылымдарына қатысты мәселелер енгізілген.

 

Аталған картаның жүзеге асырылу барысы туралы  ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Тәуекелдер картасына құрылысы ұзаққа созылған төрт нысан енген, олар Өскемен қаласындағы гематология орталығы және арнайы ХҚКО, Бұқтырма көпір өткелі, гидроқұрылғыларды салу және жөндеу. Осы нысандар бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тұрақты бақылауына алынған, - деп атап өтті Денис Шакенов.


Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне байланысты мәселелер де департаменттің назарында. Бұл салада мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, департамент тарапынан оларды азайту және жою бойынша ұсыныстар енгізілген екен.

 

2023 жылы облыс тұрғындарының жеке малын жаю үшін 78,6 мың га жайылымдық жер жетіспеді. Жергілікті атқарушы органдардың мониторинг және жүйелі жұмыс ұсынымдарын орындау нәтижелері бойынша пайдаланылмайтын жайылымдар мемлекетке  алынып, қосымша 9 елді мекеннің шегіне жайылымдық жерлер енгізіліп, орман қоры жерлерінде мал жаю ұйымдастырылған, өнімділігі төмен егістік алқаптары жайылымдарға ауыстырылған.

 

Нәтижесінде, облыс бойынша жалпы жайылымдық жерлердің тапшылығы 99,8 пайызға (78,5 мың га) қамтамасыз етілді. Осыған қарамастан, аталған проблемалық мәселе әрбір нақты ауылдық округ үшін тапшылықты ескере отырып, ауылдық округтер деңгейінде одан әрі сүйемелденетін болады.

 

Ағымдағы тоқсанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы жылу электр станцияларына (ЖЭО-ны ұстауға, жөндеуге, реконструкциялауға және салуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау), апаттық және тозығы жеткен тұрғын үйлерге (тұрғын үй қорын жаңартуға және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау) қатысты проблемалармен толықтырылған.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив