KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1,8 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

ШҚО полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті

25.01.2024, 20:05 73

ШҚО-да полиция департаментінің басшылығы мен кеңес мүшелерінің қатысуымен Тәлімгерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

 

 

Іс-шараны аша отырып, облыстың полиция басшысы Ерлан Омарбеков аға буынның тәжірибесі жас қызметкерлерге ғана емес, қатардағы қызметкерлерге де жұмыста бейімделуге және одан әрі кәсіби дағдысын қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.

 

- Тәлімгер болу оңай міндет емес – жас буынға кәсіптің құпияларын көрсетіп, айта білу ғана емес, сонымен бірге барлық жағынан үлгі-өнеге болу керек, – деді ПД басшысы.

Тәлімгерлердің міндеті – өз қарамағындағыларды тәрбиелеу, кәсіби маңызды дағдыларды қалыптастыруға тікелей әсер ету, лауазымға және ұжымда бейімделуді қамтамасыз ету.

 

 

Бұл құрметті және жауапты миссия облыстың ішкі істер органдарының үздік қызметкерлеріне жүктеледі. Тағылымдамадан өту кезеңінде олар жастарға полиция қызметінің барлық қыр-сырын үйретеді. Атап айтқанда, функционалдық міндеттерін зерделеуге көмектесіп, олардың тәртіпті сақтауын қадағалайды. Сонымен қатар үйлеріне барып, олардың тұрмыс жағдайымен танысады.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тапсырмасы бойынша ШҚО Полиция департаменті тәлімгерлік институтын жандандырған болатын. ШҚО ПД тәлімгерлер кеңесінің құрамына Қазақстан полициясы құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін борышына адал болып, тәжірибесі мен кәсіби дағдыларын сақтай білген, халықтың игілігі үшін қызмет еткен ардагерлер кірді.

 

 

 

Айжанат Бақытқызы

Фото: Polisia.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив