Алтай ауданындағы ауылдардың бірі жарықсыз қалды
Фото: kyiv.comments.ua
Алтай ауданының Быков ауылында электр қуаты өшті.
Быков және Соловьёв ауылдарының арасындағы электр желісі зақымдалған. Қазір мамандар оның себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аудандық әкімдіктің ақпараты бойынша, облыс орталығынан "БЭСК" АҚ мамандарынан құрылған бригада келді. Қазір олар электр желісін жөндеп жатыр. Жағдай жергілікті биліктің бақылауына алынған.
Айта кетсек, Быков ауылындағы мектеп резервті генератормен қамтылған. Оқу орнының ғимаратында медициналық пункт те орналасқан.
Оқи отырыңыз