ШҚО-ның жеңіл атлеттері Азия чемпионатында алтын мен қола иеленді
Тегеранда жеңіл атлетикадан XI Азия чемпионаты аяқталды.
Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 6 қола медалді жеңіп алды. Спортшылар Altainews.kz тілшісіне жарыстан алған әсерлері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ел құрамасында ШҚО намысын қорғаған спортшылар - Елизавета Матвеева, Ефим Тарасов, Эльнор Мухитдинов, Андрей Соколов, Юлия Башманова және Анастасия Рыпакова.
Турнирдің қорытындысы бойынша, Елизавета Матвеева биіктікке секіруден 1 орынды жеңіп алды, Ефим Тарасов 400 метрге жүгіруде 3 орынды иеленді, ерлер арасындағы 4*400 эстафеталық жарысында үш шығысқазақстандық спортшы – Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов және Андрей Соколов жеңіске жетті.
Тегеранда жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды желбіреткен жерлестеріміз бүгін елге оралады.
Айжанат Бақытқызы