KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ТЖД ескертеді: өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

Фото: highlevel.kz

11.03.2024, 23:10 89 Айна Ескенқызы

ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы бері улы газдың салдарынан 27 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиғалар көп жағдайда тазартылмаған түтін және пеш қабырғасының күйімі, пештегі жарықтар салдарынан болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары атап өткендей, тыныс алу кезінде улы газ ағзаға кіріп, өкпеден қан айналым жүйесіне өтеді, онда гемоглобинмен қосылады. Ол оттегіге қарағанда 200-300 есе мықты болады. Нәтижесінде қан оттегіні тасымалдау және оны ұлпаларға жеткізу қабілетін жоғалтады, салдарынан бірінші кезекте ми, сондай-ақ уланудың клиникалық көрінісінің дамуына қарай басқа да органдар зардап шегеді.

- Азаматтардың қауіпсіздігі үшін жылыту маусымы басталғалы бері 2400-ге жуық улы газ датчигі орнатылды, мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары 200 мыңнан астам ауланы аралап, оның барысында тұрғындарға пештерді қауіпсіз пайдалану ережелері туралы нұсқаулар берді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД МӨБ басқармасы бастығының орынбасары Болат Тоқтарғалиев.

Рейд кезінде әрбір бесінші үйде бұзушылықтар анықталған. Мысалы, пештің мұржасы уақытында тазаланбаған, оттық алдындағы металл парақтар болмаған, пештер жарылған.

Мамандар «ескерту жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан,  тұрғындар үйлердің қауіпсіздігі тек өздерінің мойнында екенін сезінуге тиіс» дейді. Әр үйдің иесі өзінің мұржасын тазалап, пештегі жарықтар мен саңылауларды жауып, жарқыраған розеткаларды, сымдардағы бұрамаларды жойып, тұрғын үйді өртке қауіпсіз жағдайға келтіруі керек. Әйтпесе жағдай түзелмейді.

- Ауа райы жылынғанда, яғни дәл қазір температуралық фон плюс және минус температурасының арасында ауытқыған кезде, түтін құбырының тазаланбауы жағдайды ушықтырып, улану жағдайларының артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан пештерге ерекше назар аудару қажет, - деп ескертеді мамандар.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив