KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Зайсандық жас спортшылар гір көтеруден жеңіспен оралды

18.03.2024, 14:24 1 459 Қызырбек Дүргінбайұлы

Зайсан ауданының қос спортшысы гір көтеруден Қазақстан Республикасы іріктеу чемпионатынан жүлдемен оралды.

Гір көтеруден жастар арасындағы чемпионат 7-10 наурыз аралығында Тараз қаласында өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Зайсандық спортшылардың бірі 16 кг гір тасын 223 рет жұлқа көтеріп 3-орын иеленсе, тағы бірі 24 кг гір тасын 104 рет серпе көтеріп 3-орын алып отыр.

– 2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы іріктеу чемпионатында Есен Қайратұлы 63 кг салмақ дәрежесінде 16 кг гір тасын 223 рет жұлқа көтеріп 3-орын алды Ал 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Жанарыс Қайратов 68 кг салмақта 24 кг гір тасын 104 рет серпе көтеріп 3-орын иеленді. Екі спортшымыз - «Зайсан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» шәкірттері, – деп сүйіншілі жаңалығымен бөлісті аудан әкімдігі.


Суреттер аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу