Балалардың құқығы бұзылса, қайда хабарласу керек?
pexels.com
Еліміздің әр өңірінде бала құқықтары жөніндегі өз уәкілі бар.
Олардан балалар да, ата-аналар да көмек сұрай алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі әр өңір уәкілімен байланыс ақпаратын жариялады. ШҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл – Каленова Аксана Александровна. Байланыс нөмірі: 8-705-661-41-21, instagram @aksana_kalenova.
- Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды қараумен айналысады, - деп еске салды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. - Көмек керек болған жағдайда әрбір аймаққа арналған телефон нөмірлерін пайдалануға немесе Instagram-дағы direct-ке жазуға болады.
Оқи отырыңыз