Мұзға құлап кеткен балықшыларды құтқарды
ШҚО ТЖД
Кеше Ұлан ауданындағы Сібе көлдерінде екі балықшы суға батып кете жаздады.
Александр Алексеев екі адамның өміріне араша түсті, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Кеше Сібе көлінде балық аулап жүргендердің бірі мұз астына түсіп кеткен. Мұны байқаған Өскемен қаласының тұрғыны Александр Алексеев пен жанындағылар абдырап қалмай, құлаған адамды тростың көмегімен жағаға шығарды.
Құтқару оқиғасы мұнымен аяқталған жоқ. Көлден үйге кетуге жиналып жатқан Александр және басқалары тағы бір оқыс оқиғаның куәгері болды. Тағы бір адам мұз астына түсіп кеткен.
ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Көктемгі мұз өте қауіпті. Кез келген уақытта аяғыңыздың астындағы мұз жарылып кетуі мүмкін.