KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Ақсуат тұрғыны ауылдастарын сабырға шақырды

видеодан алынған кадр

12.04.2024, 16:37 234 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жауын-шашын салдарынан Күршім ауданындағы Қалғұты өзені тасып, көлік қозғалысына қауіп төнді. Сондықтан жергілікті атқарушы орган өкілдері тас жолды жырып, тасқын су өтетін арна салды.

Ақсуат тұрғыны Айболат Құнапиев оқиға орнына барып, жағдайды көзімен көргеннен кейін халықты сабырға шақырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауыл тұрғыны жыл сайын қайталанатын табиғи құбылысқа бола дүрлігудің қажеті жоқ екенін айтты. Өйткені жағдай толығымен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Дәл қазір елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Көлік қозғалысы тоқтатылған, айналма жол бар.

Жөндеу жұмыстары, су деңгейі төмендесе болғаны, бірден басталып кетеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу