ШҚО прокуратурасы Urpaq жобасын бастады
Балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің, оның ішінде зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу үшін ШҚО прокуратурасы Urpaq жобасын бастап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атап айтсақ, Telegram желісінде vko_urpaq_bot атты бот жасалған. Ол – бала құқығының бұзылуы туралы ақпарат жинауға, оларға жедел ден қойып, өтініш берушілерге шұғыл көмек көрсетуге арналған автоматтандырылған жүйе. Бот түрлі форматта (фото, аудио, бейне, word) келіп түскен хабарламаларды өңдей береді.
Кез келген адам шұғыл көмек сұрай алады немесе балаларға қауіп төндіретін ақпаратты (ашық люк, жолдағы жағдай, қаңғыбас ит және т.б.) жібере алады.
Бүгінде прокуратура ботты насихаттау, оқушылар, ата-аналар мен оқу орындары қызметкерлері арасында пайдалану ережесін үйрету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.