KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

«Жасыл ел» жобасы жаңа аудандарда табысты іске асып жатыр

10.07.2024, 10:22 244 Ержан Әбіш

«Жасыл ел» – Шығыс Қазақстан облысындағы екі жаңа аудан – Үлкен Нарын және Марқакөл аудандары үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған алғашқы ауқымды жоба.

Қазіргі уақытта «Жасыл Ел» жобасын іске асыруға облыстың 11 ауданы мен 2 қаласы қатысуда. Екі жаңа ауданда 64 адам жұмысқа орналастырылды: 24-і – Марқакөл ауданында, 40-ы – Үлкен Нарын ауданында, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта облыс бойынша жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны – 646 адам. Қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқысы келетін жастар күн сайын көбейіп келеді.

Жоба аясында биыл ШҚО-ның 1 мыңнан астам жасын жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив