Алакөлде қайық мінген сегіз адам жағаға жете алмай қалды
фото: depositphotos.com
Алакөл жағасынан 40 шақырым жерде сегіз адам мінген қайықтың қозғалтқышы істен шыққан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"ТЖМ қызметкерлері оларды өз қайықтарымен жағаға шығарып, құтқарды. Туристерге медициналық көмек қажет емес", - деп мәлімдеді ТЖМ.
Құтқарушылардың айтуынша, туристер жағаға екі қайықпен шығарылды, ал олардың моторлы қайығы көлде қалды.
Оқи отырыңыз