Шығыстың саф өнімдері Алматы шаһарына жол тартады
Алматы қаласынан келген делегация Шығыстағы «Эмиль» ЖШС мен "Алтай" көтерме-тарату орталығына барды.
Шығыста сүт өңдеу өнеркәсібі жолға қойылған. Бұл бағытта алдыңғықатарлы кәсіпорындардың бірі - "Эмиль" ЖШС. Мұндай өндірілетін 80-ге жуық өнім түрі тек Шығысқа ғана емес, өзге өңірлерге де жеткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі күні компания Алматы қаласындағы ірі супермаркеттерге апта сайын 2-3 фура өнім жөнелтеді. Кәсіпорын басшысы Анна Аберленің айтуынша, қазір жұмыс дистрибьютор арқылы жүргізіліп отыр. Алайда, ол бағаның өсуіне әсер етеді. Сондықтан халыққа өнімді тікелей сату әлдеқайда тімді болмақ.
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әлішер Сатыбалдиев «Эмиль» компаниясының өнімдерін делдалсыз жеткізу үшін жекелеген сауда павильондарын және өндірістік үй-жайларды ұсыну мәселесін қарастыратынын атап өтті.
Облыс орталығындағы "Алтай" көтерме-тарату орталығы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Яғни өнімдерді қыс мезгілінде сақтайтын және азық-түлік, күнбағыс майы және басқа да өнімдер үшін арнайы салқындатқышпен дайындалған екі қойма дайын. Кросс-докинг, қонақ үй мен әкімшілік ғимаратының да құрлысы аяқталған.
Екінші кезеңде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз тауарларын делдалсыз сата алатын сауда үйі салынбақ. Сондай-ақ ет, балық және басқа да өнімдерді дайындайтын цех дайындалмақ.
Естеріңізге сала кетейік, қыс мезгілінде көкөніс қоймасында 18 мың тоннаға жуық өнім сақтауға болады. Қазір онда картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат сақталған.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы мен ШҚО-да ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ынталандыруға, өнеркәсіптік кәсіпорындардың кооперациясына және екі өңірдің туристік операторлары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шараларға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Фото: Нелли Петенева