KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Первомайка кентінде су құбырлары жаңартылып жатыр

Фото: depositphotos.com

12.09.2024, 12:18 86 Ержан Әбіш

Жиі болатын апаттарға байланысты Шемонаиха ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша Первомайка кентінің сумен жабдықтау жүйесі 232,5 млн теңгеге жаңартылып жатыр. Кенттегі су құбырлары 70-ші жылдардың соңында салынған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жобада ұзындығы 1,4 км су құбырын, сорғы станциясы бар су жинау құрылысын реконструкциялау, трансформаторлық қосалқы станцияны, 41 өрт гидрантын, 204 вентильді орнату қарастырылған. Мердігер ұйым – «ХамирСтройМонтаж» ЖШС.

Шемонаиха ауданының әкімдігіне қарасты «Шемонаиха су арнасы» ЖШС суды Ертіс өзенінің беткі көзінен алады. Жоба аясында сумен жабдықтаудың жерүсті көзінен жерасты көзіне көшу жоспарлануда. Нәтижесінде кент халқы сапалы сумен қамтылып, күтіп-ұстау, қызмет көрсету шығындары айтарлықтай қысқарады.

Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуға тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу