KZ
Өскемен
-22°
переменная облачность Штиль
520.27 537.65 5.24

Шаруалар назарына: дизель отынына өтінімдер 1 желтоқсаннан бастап қабылданады

28.11.2024, 10:30 74 Гульжан Мусина

1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отынының көлемін қалыптастыруға өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды  Аltainews.kz тілшісі. 

2023 жылғы 13 ақпандағы №137 бұйрығымен бекітілген «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына» сәйкес, өтінімдер 2024 жылдың 1 желтоқсанынан 30 желтоқсанына дейін қабылданады.  

Өтінімдерді gosagro.kz сайты арқылы жіберу қажет.

Барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді осы мерзім ішінде өтінім беруге шақырамыз.  

Қосымша ақпарат алу үшін жауапты органдарға немесе көрсетілген сайтқа жүгінуіңізге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу