KZ
Өскемен
+1°
туман жел 3 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Тәуелсіздікпен құрдас тәртіп сақшысы

14.12.2023, 20:19 1 019 Ләззат Қанатқызы

Тәуелсіздік – қас­тер­лі ұғым. Ол – қасиетті қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Биыл еліміз арайлы азаттығының отыз екінші жылына қадам басып отыр.

Сол жылы дүниеге келген арманы асқақ, өресі биік ұл мен қызда қазір 32 жасқа келді. Олар бүгінде бір-бір саланы тізгіндеп, қатарының алды атанып, өңірдің дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Ел тыныштығына жауап беретін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында да тәуелсіз елдің құрдастары бар.

Тәуелсіздік құрдастары елмен бірге өсіп, қатарластарымен бірге өркендеп келе жатқанын мақтан тұтары сөзсіз. 32 жыл бұрын ел тәуелсіздігін алар тарихи шақта дүние есігін ашқандардың бірі - Өскемен қалалық полиция басқармасында қызмет ететін Диана Абылғазина. Тәуелсіздік құрдасы өзіне жүктелген жауапкершілік пен мойындарындағы міндеттің салмағын да, сырын да жақсы түсінеді.

Диана Абылғазина 1991 жылы 1 желтоқсанда Көкпекті ауылына қарасты Жаңа жол ауылында дүниеге келген. 2015 жылдан құқық қорғау органдарында қызмет етуде.

- Еліміз күннен күнге қарыштап дамып келеді. Бізде елімізбен бірге өсіп келеміз деуге болады. Тәуелсіз еліміздің құрдасы болу – үлкен абырой, әрі жауапкершілік. Өзім мемлекеттік қызмет атқарғандықтан, мемлекетіміздің дамуына өз үлесімді қоссам деймін, - дейді ол.

Бүгінде Өскемен қалалық полиция басқармасында қызмет ететін Диана Ержанқызы қызмет барысында өмірлік жарын кездестіргенін айтады. Қазіргі таңда полицейлер отбасы бір ұл тәрбиелеп отыр.

Ісіне тыңғылықты, адамдармен оңай тіл табысатын ол өз участогында құрметке бөленген.

- Тарихи күнде отбасыңмен өткізген ештеңе жетпейді. Алайда, біздің жұмыс мереке күндері қарбалас болып кетеді. Қызмет барысын жауапкершілік пен шыдамдылықты, еңбекқорлықты талап етеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін жұмысымды жақсы көремін. Бала кезімде-ақ полиция қызметкерлерінің жұмысына, киіміне қызығатынмын. Кейін арманым мақсатыма айналып, осы салада еңбек ете бастадым, - дейді Диана Абылғазина.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу