KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Экологияны жақсарту үшін ШҚО-да екі ҚТҚ полигоны салынады

9.12.2020, 13:07 395

ШҚО экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасының жүзеге асырылуы туралы өткен ШҚО Экология департаментінің брифингінде ҚТҚ полигондарын салу, рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жою мәселелері сөз етілді.

ШҚО энергетика және ТКШ басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Самат Сүйлеменов қоқыстың көп жиналуы өткір проблемалардың бірі болып табылатынын атап өтті. Қоқыстардың салдарынан қоршаған ортаның экологиялық жағдайының бұзылуы адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді және қауіпті ауруларға әкеп соғады. Экологияға тағы да орны толмас үлкен шығынды рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын алаңдар келтіріп отыр. Тұрғындар қоқыс полигондарының қала ішінде де, одан тыс жерлерде де пайда болатындығына күн сайын куә болып жүр. ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бірлесіп, жағдайды толығымен өз бақылауына алды.

Бүгінгі күні облыс әкімдігі Мемлекет басшысының ҚТҚ полигондарына қатысты тапсырмаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ҚТҚ полигондарын салудың үлгілік жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.


– Бүгінгі күні облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің назарына ҚТҚ полигондарын салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге арналған шығындарды 2021 жылдың бюджетіне қосуды, сондай-ақ қолданыстағы полигондарды санитариялық және экологиялық нормаларға сәйкес келтіруді қарау қажеттігі туралы мәліметтер жеткізілді. Барлық ұсыныстар мен ескертулер назарға алынып, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде, - деді Самат Сүлейменов.


Сондай-ақ, Еуропа Қайта Құру және даму банкімен ынтымақтастық аясында 2021 жылы Өскемен және Семей қалаларында жаңа санитарлық полигондар мен қоқыс өңдеу кешендерін салу жоспарлануда.


– Бұл барлық белгіленген нормаларға сәйкес келетін екі жаңа полигон болмақ. Өскеменде қазір жер учаскесін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Желтоқсан айының соңына дейін барлық жер актілері алынады. Бүгінгі күні ХҚКО-ға өтінім берілді. Семей қаласы бойынша жер телімі белгіленді, барлық қажетті рұқсат құжаттарын қала әкімдігі алды, - деп атап өтті Самат Сүлейменов.


Экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі жол картасында рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын алаңдарды жою шаралары қарастырылған. Жыл сайын осындай үйінділерді жою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі.


– Ағымдағы жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұсынған ғарыштық мониторинг деректері бойынша ШҚО бойынша 569 стихиялық қоқыс орны анықталды. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері қалдықтар жиналған орындарды жою кестесін әзірледі және бүгінгі күні ҚТҚ-ның 90% - дан астамы жойылды. Айта кету керек, кез келген тұрғын рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын көрген жағдайда фото немесе бейнематериалдарды қоса ұсына отырып, WhatsApp желісі арқылы колл-орталыққа жүгіне алады, - деп түйіндеді Самат Сүлейменов.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу