Волонтерлік қызмет тізіміне деректерді қалай жібереді?
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Волонтерлік қызмет тізімін жүргізудің жаңа ережесі күшіне енді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тізімді волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың ерікті негізде ұсынған деректері негізінде мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізеді.
Тізімге кіру үшін волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар өз қызметі туралы ақпаратты (волонтерлік қызметтің негізгі түрлері, волонтерлердің саны, жүзеге асырылып жатқан жобалар және т.б.) volunteer@mki.gov.kz электрондық мекенжайына жібереді.
Тізімге енгізу немесе бас тарту хабарлама арқылы ресімделеді және өтініш берушіге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Ережелермен мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/566468?lang=ru