Риддер ЖЭО-да көмір түсіру жүйесін жаңғырту жоспарлануда
Фото: Е.Скударнова
Бүгінгі таңда кәсіпорындағы көмір түсіру жүйесі ескірген және қазіргі заманғы тәсілді қажет етеді. Қазандық басшылығы мен Риддер қаласы әкімінің пікірінше, бұл жылу электр орталықтарының шығындарын оңтайландыруға және жалпы жұмысты жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Бүгінде көмірді ЖЭО-ға түсіру процесі қиын және энергия шығыны көп болып тұр. Жүйе әлдеқашан ескірген, сондықтан біз қала әкімі Дәулет Батырбаевтың тапсырмасы бойынша Согра ЖЭО-на барып, олардың жұмыс процесімен танысып, тәжірибе алмастық»,-дейді «Риддер ЖЭО» АҚ отын-көлік цехының бастығы Фархат Тоқанов.
Фархат Тоқановтың айтуынша, облыс орталығындағы әріптестердің жұмыс принципі Риддер қаласындағы қазандықтың жұмыс процесін жақсартуға көмектеседі.
Айта кетейік, «Риддер ЖЭО» АҚ 1955 жылдан бері жұмыс істейді және әлі күнге дейін отынды түсіру процесі ескі тәсілмен, атап айтқанда тиегіштердің көмегімен, жұмыскерлердің қолымен жүргізіледі.
Айжанат Бақытқызы