2024 жылы Өскемен тұрғындары жылу үшін қанша төлейді?
Фото: lada.kz
ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Арман Мәлік «Инвестицияға айырбастау тарифі» жаңа бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС техникалық директоры Нұрлан Ахметжанов атап өткендей, станцияның сенімді және үздіксіз жұмыс істеуі үшін кәсіпорынға қазандық агрегаттарын күрделі жөндеу, күл төгетін орын салу, сондай-ақ сенімділікті арттыру және тозу деңгейін төмендету үшін басты бу құбырларын ауыстыру қажет. Атап айтқанда, қазандық агрегаттары мен жабдықтарын жөндеу үшін 1,8 млрд теңге қажет.
«Согра ЖЭО» ЖШС өкілінің айтуынша, кәсіпорын көмір бағасының тұрақты өсуіне байланысты бірнеше жыл шығынға ұшырады.
Осы мәселені шешу үшін кәсіпорын 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап тарифтерді өзгертуге өтініммен облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментіне жүгінген.
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй көмегі жүйесі қарастырылған. Ол аз қамтылған азаматтардың отбасылық бюджетіне тұрғын үй мен коммуналдық қызмет шығындарына байланысты жүктемені жеңілдетуге арналған.
2020-2023 жылдары 8 мыңнан астам аз қамтылған отбасы жалпы сомасы 147 млн теңгенің тұрғын үй көмегін алды, оның 93 пайызы коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығындарды құрайды.
Айжанат Бақытқызы