KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, З
481.63 534.46 5.28

16 қазақстандық санаторий су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайды

15.04.2024, 20:03 117 Айжанат Бақытқызы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-дің көмегі шеңберінде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша,  оның 12-сі Түркістан облысында орналасқан. Сондай-ақ, зардап шеккендерді қабылдауға дайындығы туралы Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облыстарының санаторийлері мәлімдеді.

 

Бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10 күннен 14 күнге дейін болады.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ жергілікті атқарушы органдарға санаторийлерде дереу орналастыру қажет адамдардың тізімін ұсыну қажеттігін хабарлады.

 

«Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту қызметтері көрсетіледі»,-делінген Министрлік хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив