KZ
Өскемен
-10°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда тырысқақ ауруының ошағы жойылды

Фото: elorda.info

17.04.2024, 21:10 154 Айжанат Бақытқызы

ҚР санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana авиакомпаниясы рейсінің бортында тіркелген, әкелінген тырысқақ жағдайы ошағын жойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.
 
Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері - теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды.
 

«Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті. Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапар шегуді жоспарлап отырған адамдарға ұсыным беру маңызды»,-делінген министрлік хабарламасында. 

Денсаулық сақтау министрлігі қатаң кеңес береді:
 
•⁠  ⁠Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
 
•⁠  ⁠Сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;
 
•⁠  ⁠Тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуден өткізу;
 
•⁠  ⁠Жемістер мен көкөністерді тек қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен жуу.
 
•⁠  ⁠Қол гигиенасын сақтау, тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу;
 
•⁠  ⁠Судың ауызға кетуіне жол бермей, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу.
 
•⁠  ⁠Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгіну.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу